Ғабидола Әбдірахымов Шымкент әкімі қызметінен босатылды
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласы әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.
Әбдірахымов Ғабидолла Рахматуллаұлы 1975 жылы 23 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Экономика және мемлекеттік әкімшілік жұмыстар мамандықтары бойынша екі бірдей ЖОО-ны тәмамдаған. Қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдерін жетік біледі.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1996 жылдан – қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің қаржы және банк істері кафедрасының көмекшісі болған. 1999 жылдан бастап ҚР мемлекеттік басқару істері жөніндегі агенттігінің бас маманы, бөлім бастығы, төраға кеңесшісі болған.
2008 жылдың қазан айынан бастап ҚР премьер-министрі кеңесшісінің жетекшісі, ҚР президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңесінің төрағасы болды. «Құрмет» орденімен, «Астананың 10 жылдығы» медалімен марапатталған.
Естеріңізге сала кетсек, Шымкенттің экс әкімінің Лондоннан сәлем жолдағаны туралы хабарлаған едік.