Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова күйеуінің тойдан 1 000 доллардан кем алмайтынын айтты

Гүлзира Айдарбекованың айтуынша, күйеуінің тойдағы төлем ақысы 1 000 доллардан төмен емес. Мұнымен қатар, олар жаңа бейнебаян түсіруді жоспарлап жүр екен.

17439143_1889029408009244_7389351611971141632_n

Бұл туралы «Инсталайық» бағдарламасында айтылды.

Өнер иесі бүгінде әншіліктен бөлек, киноға да түсіп үлгерген. Ол бұрыннан әнші болуды армандаған екен. Алайда отбасы қамы үшін бұл арманын құрбан етуге мәжбүр болған. Сол себепті ұлының өнерін байқаған кезде әнші болуына кедергі жасамады.

Өлең айтуына ата-анасы «Бала-шағаң бар» деп қарсы болды. Кейін әншілер даусының әлдеқайда жақсы екенін айтып, сахнаға шығуға қолқа салды. Сол кезде «Мен отбасымнан айырылғым келмейді. Балам мен сені жақсы көремін. Икра жегенше, қара наным артық. Мен сайтан емес, адаммын. Әнші болсаң, түнімен қаңғырып, ішіп кетуім мүмкін. Одан да осы балама дұрыс тәрбие берейін» деген оймен шықпады.

Гүлзира ханым күйеуін жанкүйер келіншектерден қызғанбайды екен. Керісінше азаматын жұлдыз ету үшін барын салып жүр. «Бастапқыда «Баласымен жарысып не болды» деп көбісі мазалады. Соны көңіліне алып, ән айтпай-ақ қоямын деп жүрді. Бірақ оның айтпасына қоймадым. «Қайрат өзінің деңгейінде танылды. Енді сен неге өлең айтпасың?» деп мен шықтым. Бұл сөзімді Қайрат қоштап, «Әке қасымда жүріп, арасында киім ауыстырғанда өлең айтып тұрсаңызшы. Анам қасымда 7-8 жыл бойы жүріп шаршады» деді. Мен тек ана емес, продюсермін ғой”,- дейді Гүлзира ханым.

Гүлзира ханым мен Нұртас мырза осы жылы тағы да әнбаян түсіруді жоспарлап отыр.


Жіберіп алмаңыз:

Еркін Нұржанов дүниеден өткен анасына арнап бейнебаян түсірді (видео)

“All Давай” тобының әншісі ел алдында сүйіктісіне ұсыныс жасады (фото, видео)

Димаш киген киім Қытайда 7 миллион теңгеге сатылды (фото)

Жұрт Луинаның “жыртық” шалбарына “ит талаған” деп баға берді

Талқылау