Футзалдан Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды
Футзалдан Қазақстан құрамасы қыркүйек айында Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатындағы бақ сынайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Футзалдан Қазақстан құрамасының Өзбекстанда өтетін әлем чемпионатындағы қарсыластары белгілі болды. 14 қыркүйекте бастау алатын дүбірлі додада құрамамыздың топтық кезеңдегі қарсыластары мен ойын кестесі анықталды. Өзбекстандағы доп додасында құрамамыз "D" тобында Испания, Ливия және Жаңа Зеландия құрамаларына қарсы ойнайды. 15 қыркүйекте Әндіжанда испандармен кездессе, 18 қыркүйекте Ливия құрамасымен жолығады. Ал 21 қыркүйек күні Ташкентте Жаңа Зеландия футзалшыларымен өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұған дейін әлем біріншілігінде жартылай финалға дейін жетіп, төртінші орын алған. Бұл отандық футзал тарихындағы үздік көрсеткіш.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі

