Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы Аргентинадан ойсырай ұтылды
Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы әлем чемпионатының ширек финалында ірі есеппен жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚФФ
Футзалдан Қазақстан құрамасы Өзбекстандағы әлем чемпионатының плей-офф кезеңі аясында әлем чемпиондары Португалия құрамасын ұтқан Қазақстан құрамасы ширек финалда ойсырай ұтылды. Әлем чемпионатының ширек финалында Аргентина құрамасына қарсы ойнаған футзалшыларымыз бірінші таймды тең ойнағанмен, екінші таймда 6 гол жіберіп, тек бір ғана голмен жауап қатты. Қазақстан құрамасы сапында Дәурен Тұрсағұлов гол соғып, әрі қызыл қағаз алды. Осылайша Қазақстан құрамасы әлем чемпионатындағы жолын аяқтады.
Айта кетейік, Ташкентегі әлем чемпионаты 6 қазанға дейін жалғасады. Жартылай финалға шыққан барлық құрама анықталды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

