Футзалдан "Ақтөбе" клубының бас бапкеріне қазақстандық маман тағайындалды
Футзалдан “Ақтөбе” МФК бас бапкері Виктор Тарчило қызметінен кеткеннен кейін ресми түрде жаңа бас бапкерді тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz
Ақтөбелік команданың тізгінін отандық маман Серік Үнбаев ұстады.
Серік Үнбаев — ақтөбелік футбол мектебінің түлегі. Ойыншы ретінде ол "Інжу" және "Ақтөбе" командаларында өнер көрсеткен. 2020 жылы ол қысқа мерзімге "қызыл-ақтардың" бас бапкері болып жұмыс істеді. Кейін "Рахмет" командасымен бірге әуесқойлардан бастап, Қазақстан Кубогының күміс жүлдегерлеріне дейін жеткізді. 2021–2024 жылдар аралығында ол бұл ұжыммен Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, негізінен жас және жергілікті ойыншыларға сенім артты.
2024 жылы Үнбаев "Ақтөбе U-19" жастар командасын жаттықтырып, оларды ұлттық біріншіліктің чемпионы атандырды.
Қазіргі таңда "Ақтөбе" турнирлік кестеде бесінші орында тұр, ал чемпионаттың аяқталуына 10 тур қалды. Соңғы сегіз матчтың ішінде команда тек екі жеңіске ғана қол жеткізген.
Викторт Тарчило “Ақтөбе” футзал клубын екі рет басқарды. Бірінші рет 2020-2021 жыл аралығында, ал екінші рет 2022 жылдың тамыз айында қайта келді.