Футболдан Қазақстан мен Норвегия арасындағы кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды
Футболдан Ұлттар лигасындағы Қазақстан мен Норвегия арасындағы кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kff_team
Алматыда Ұлттар лигасының екінші дивизионының Қазақстан мен Норвегия құрамалары арасындағы ойын тең аяқталды.
Ойын Алматыдағы Орталық стадионда өтті. Спорт сарапшылары ойын алдында Норвегия құрамасының жеңіске жететінін, ал "Манчестер Ситидің" топ шабуылшысы Эрлинг Холандтың көп гол соққан ойыншы атанатынын болжаған еді. Бірақ Қазақстан құрамасының қорғаныс шебі әлемдік футбол жұлдызын тоқтата білді.
Бірінші тайм толықтай қонақтардың басымдығымен өтті. Норвегиялық Феликс Мюрет қақпа маңдайшасынан қайтты. Екінші таймда да есеп ашылған жоқ. Қазақстан құрамасының жаттықтырушысы Станислав Черчесов ауыстырулар жасады, бірақ ауысымдар ешқайндай нәтиже бермеді.
9 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Люблянада Словения құрамасымен кездеседі.
Еске салсақ, бұған дейін ресейлік маман Станислав Черчесовтің футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалғаны туралы жазған едік.