Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Черчесов өзіне қазақша сұрақ қойылғанына шағымданды
Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Станислав Черчесов баспасөз мәслихатында өзіне қазақ тілінде сұраққа қойылғанына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Александр Федоров
Журналистердің бірі бапкерге қазақ тілінде сұрақ қойған. Ал бапкер оның сұрағын түсінбейтінін айтып аудармашының көмегіне жүгініпті.
“Сен қай жақтансың? Неге маған бұлай сөйлеп тұрсың? Сізге осетин тілінде жауап бере аламын ба?" – деп таң қалды Черчесов.
“Мен Қазақстаннанмын, осетин тілінде жауап бере беріңіз”, – деп жауап берді журналист бапкердің сұрағына.
Бапкер “осетин тілін ешкім түсінбейді ғой” деп ары қарай орыс тілінде жалғастырған.
Черчесовтың жауабын Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов аударып берді.
Қазақстандық теннисшілер "Уимблдон" турниріне іріктеу кезеңінің финалында жеңіліп қалды
2019 жылы Ресей құрамасының жаттықтырушысы ретінде Астанаға келген Черчесов қазақша түсінетінін айтқан болатын.
"Маған аударма жасаудыңқажеті жоқ, түсінбейтіндерге аудара беріңіз", – деген еді.
Қазақстандықтар бапкердің қазақ тіліндегі сұрақты түсінбегеніне ашуланды.
“Өз тілімізді қорғай алмай жатырмыз", "Журналистіміздің қазақша сұрағына қазақша жауап берсін. Біздің төлеген салығымыздан айлық алып отыр. Черсесов мырза Қазақстанда екенін ұғынып, өз орнын білуі керек”, деп жазды желі қолданушылары.
Еске салсақ, ресейлік маман Станислав Черчесов футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері болып тағайындалған болатын.