"Футболда жемқорлық бар екенін бәрі біледі": Қазақстандық футболшы базарда қосымша табыс табуға мәжбүр екенін жасырмады
Футболшы Димаш Қашкен қазақ футбол клубындағы алатын жалақы мен қазіргі футболдың жай-күйін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Подкастан скриншот
Aissaule Bakytbek-Kaidarova youtube-арнасына берген сұхбатында ала доп шебері әр кезеңде жалақысы әртүрлі болғанын айтты.
“Табысты негізі айтпайды ғой. Бірақ аз береді деп айта алмаймын. Айына 10 миллион, кейде 15-20 миллионға дейін беріп жатады. Жас футболшылардың ішінде 1 млн теңге алатындар бар. Бірақ мен тек доп теуіп қана күн көріп отырған жоқпын. Серіктесім екеуміз Қытай мен Ресейден телефон әкеліп сатамыз. Жеткізушілер жақсы баға ұсынғасын, келісім бердік. Негізі табысым деп осы бизнесімді айта едім”, – деді футболшы.
-
ЕУРО-2024: Испания Италияны ұтып плей-офқа шықса, Англия Даниямен тең түсті
-
ЕУРО-2024: Хорватия тең түсіп, Германия екінші жеңісіне қол жеткізді
Сонымен қатар спорт саласының өкілі, қазақ футболының не үшін дамымай жатқанына да анализ жасап көрді.
"Қазақстанда футболдың даму деңгейі өте төмен. Қиын жағдайда тұр десем де болады. Сондықтан бірден шетелге шыққан дұрыс. Жыл өткен сайын Қазақстандағы футболдың деңгейі төмендеп барады. Қазақстандық, шетелдік футболистерге жағдай жасалмаған. Футболда жемқорлық бар екенін бәрі біледі, бірақ ештеңе істемейді", – деді ол.
Еске салайық, футболшы сүйіктісіне тұрмысқа шығу ұсынысын Парижде жасаған еді.