Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Футбол аңызына айналған Кафу Алматыдаға алғашқы күнін қалай өткізді

Бразилия құрамасы сапында екі дүркін әлем чемпионы атанған Кафу Медеу мұз айдыны мен Шымбұлақ тау шаңғысы курортына барды. Аты аңызға айналған қорғаушы табиғаттың әсем көріністерін тамашалап қана қоймай, сонымен қатар жанкүйерлермен жоспарланбаған кездесу өткізді: ол сол жерге келген адамдармен суретке түсіп, қолтаңба берді.

Кафу тағы бір аты аңызға айналған футболшы және 1xBet елшісі Роберто Карлоспен бірге 2–3 сәуірде Алматыда өтетін халықаралық Мета Спорт форумына (https://metasportforum.com/) қатысады.

Екі күн бойы Алматыда футбол аңыздары мен спортты миллиард доллар айналымы бар салаға айналдырып жатқан кәсіпқойлар бас қосады. Meta Sport форумындағы спикерлер қатарында "Ливерпульдің" бұрынғы бас директоры Питер Мур, "Барселонаның" бұрынғы менеджерлері, "Зенит", ҚХЛ өкілдері және жетекші қазақстандық сарапшылар бар. Иә, олар тек селфи үшін ғана келмейді – форумға қатысушылар әлемдік спорт бизнесінің қыр-сырымен бөліседі.

Meta Sport Forum – бұл жай ғана конференция емес, аймақтағы барлық спорт секторының өсу нүктесі. Жаһандық және жергілікті сарапшылар спорт инфрақұрылымын дамыту, инвестиция тарту және тұрақты спорт брендтерін құру мәселелерін талқылау үшін бір алаңда бас қосады.

Кафу сонымен қатар Алғашқы Ұлттық спорт және бизнес марапаттарына арналған Metaratings Top Awards шарасының арнайы қонағы болады. Іс-шара 3 сәуірде өтіп, ол жерде спорт саласындағы көшбасшылар бас қосады. Салтанатты шара аясында үздік спортшылар мен жаттықтырушылар, менеджерлер мен спорт ұйымдары, журналистер мен блогерлер, сондай-ақ спорт бизнесі мен букмекерлік кеңселердің өкілдері арнайы марапаттарға ие болады.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 02 Сәуір, 2025 18:14