Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози түрмеге жабылды
Францияның бұрынғы президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның екі жылын шартты түрде өтейтін болды, - деп хабарлайды ақпарат агенттігі.

Париж соты Николя Саркозиді айыпты деп тапты.
2014 жылдың «тыңдалыс ісін» қарау өткен жылдың қараша айының соңынан желтоқсан айының басына дейін өтті.
Қаржы прокуратурасы 66 жастағы саясаткерді төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, оның екі жылын шартты түрде беруді талап етті.
Францияның бұрынғы президенті өзіне тағылған айыпты бірнеше рет жоққа шығарды. Сот отырысы кезінде ол ешқашан сыбайлас жемқорлық әрекетке бармағанын және ешқашан өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбағанын мәлімдеді.
Саркози нақты мерзімге сотталған алғашқы экс-француз президенті болды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар