Францияның астанасында жарылыс болған: 40-қа жуық адам зардап шекті (видео)
21 маусымда Париждің орталығында үлкен жарылыс болды. Соның кесірінен 37-ден астам адам зардап шекті. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Төртеуі ауыр жағдайда, тағы екі адам үйінділердің астында болуы мүмкін. Оқиға Париждегі Америка академиясының ғимаратында болды.
Газдың жарылуынан кейін ғимараттың қасбеті жолға құлаған. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды.
Бұл жерге 200-ден астам өрт сөндірушілер, құтқару қызметтері, сондай-ақ Париж мэрі Анн Идальго келді.
Прокурорлар жарылыс себебі "Қауіпсіздік ережелерін бұзу" немесе "жеке адамдардың абайсыздығы” деп болжап отыр.
Естеріңізге салсақ, дәл сол күні "ҚазМұнайГаз" АҚ-ның Румыниядағы еншілес компаниясы Petromidia зауытында өрт шыққан еді.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар