Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Францияда төмен жалақы мен бағаның өсуіне байланысты жалпыұлттық ереуіл басталды

Францияда кәсіподақтар жоғары инфляция жағдайында жалақының төмендігіне байланысты жалпыұлттық ереуіл бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters порталына сілтеме жасап.

Франциядағы ереуіл бірнеше аптаға созылуда. Мұнай өңдеу зауыттарының қызметкерлері жұмысқа шығудан бас тартқан. Салдарынан жанар-жағармай жетіспей, жанармай құю бекеттерінде де толқулар пайда болған.

“Наразылық акциялары бірден бірнеше секторға, соның ішінде қоғамдық көліктер мен оқу орындарының жұмысына кедергі келтіруде”,- деді басылым.

Бұл Эммануэль Макронның екінші президенттік мерзіміндегі күрделі сынақ болмақ.

Париж тұрғындары көшелерге шығып, күнкөрістің, азық-түлік, жанар-жағармай мен коммуналдық қызметтер бағасының қымбаттауына қарсы наразылық шеруін ұйымдастырды.  Алғашында шеру бейбіт болғанымен, кейін оған арандатушылықты бастаған радикалды жастар тобының мүшелері де қосылған. Сол себепті полиция көзден жас ағызатын газ қолдануға мәжбүр болды.

Талқылау