Францияда 5 балдық жер сілкінісі болды
Францияның батысында магнитудасы 5,3-5,8 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан құтқарушылар Жаңа Аквитаниядағы шағын қалашықтардың бірінің тұрғындарын эвакуациялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жер сілкінісінің эпицентрі Ньор мен Ля-Рошель қалаларының арасында орналасқан. Бірнеше адам жарақат алып, 1100-ге жуық үй жарықсыз қалды. Ал Ля-Лэнь қаласында тұратын 500-ден аса адам толық эвакуацияланды.
Жер сілкінісінен үйлердің қабырғасы жарылып, кейбірінің шатыры құлаған. Соңғы рет магнитудасы 5 балдан жоғары жер сілкінісі елде 2019 жылы тіркелген екен.
Алаяқтар қазақстандық әйелдің атынан банк картасын ашып, аударымдар жасаған: Енді оған қылмыстық іс қозғалуы мүмкін
Қазақстандық: "Жүйе мені 76 жастағы адам деп таныды"
"300 теңгеге дейін жетуі мүмкін": Қазақстанда жанармай бағасы неге қымбаттап жатыр
Жұртшылық: “Жанармай қымбаттаса, бәрі қымбаттайды деген сөз”