Франция президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты сән-салтанатпен қарсы алды
Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барды. Президент Эмманюэль Макрон мемлекет басшысын әскери оркестрдің сүйемелдеуімен қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Салтанатты рәсімнен кейін Қазақстан мен Францияның мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Президенттер республикалық гвардия, әуе-ғарыш, құрлық және теңіз әскерлерінен жасақталған Құрмет қарауылының алдынан жүріп өтті. Бұдан кейін мемлекеттер басшылары Құрмет қарауылының салтанатты шеруін тамашалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон бір-біріне ресми делегация мүшелерін және құрметті қонақтарды таныстырды.
Бұған дейін Тоқаев француз басылымында мақала жариялаған еді.
Алматы тауларында орналасқан қонақүйдегі қоқыс пен нәжіс демалушылардың жағасын ұстатты
Желі қолданушысы арнайы видео түсіріп, демалыс орнындағы антисанитарияны әшкереледі
Жатақхананы аңдып, студент қыздарды зорлаған: ҚазҰУ-ды дүр сілкіндірген маньяк қалай ұсталды
Қылмыскер барлық қызды бірдей әдіспен өлтіріп, денелерін жатақхана маңына көмген