Тоқаев мемлекеттік сапармен Францияға барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға мемлекеттік сапармен барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда
Париж әуежайында президентімізді Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро қарсы алды.
5 қарашада Елисей сарайында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франция президенті Эммануэль Макронның келіссөздері өтеді.
Ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірқатар мәселелерді талқылайды. Францияны біздің мұнай, уран, сирек жер металдары қызықтырып отыр. Қазақстан өз инженерлерінің біліктілігін арттыру және отандық атом энергетикасын дамыту үшін француз технологияларына сенім артты.
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты
Дәрігер: “Қышқылдар мен күшті сілтілер өңеш пен асқазанның ауыр химиялық күйігін туғызады”