Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мәдениет министрлігі: Әнші фонограмма жайлы алдын ала ескертуі керек

Әнші фонограммамен ән айтатын болса, ол туралы алдын ала билет сатылмай тұрып, жарнама берер кезде ескертуі қажет, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Концертке дейін: Қазақстандық әншілерді көрермендерге фонограмма қолданатынын ескертуге міндеттемек

Бұл туралы мәдениет және өнер департаментінің директоры Күміс Сейітова мәлімдеді.  

"Бүгін ҚР мәдениет және спорт министрлігінің басшылығымен төрт орталық ашылды. Олар мұражай, кітапхана, театр және концерт салаларына арналды. Бұл орталықтардың жұмысын министрлікке қарасты мәдениет және өнер департаменті өз қадағалауына алады. Қазіргі таңда Қазақстанның концерттік-гастрольдік бағыты бір қалыпты емес деп айтсақ болады. Бір уақытта бір аймақтағы концерттік ұйымдар іс-шаралар ұйымдастырып жатады. Бұл дұрыс емес. Біз олардың жұмыстарын ретке келтіреміз", - деді Күміс Сейітова. 

Бұған қоса ол жаңа орталықтардың қандай мәселелерге көңіл бөлетіндігін айтып кетті. 

"Қазір біз еліміздің мәдениет туралы заңына өзгертулер енгізудеміз. Бірнеше сұрақтарды талқыға салдық. Біріншіден, егер орныдаушы фонограммамен ән салатын болса, ол бұл жайлы алдын ала ескертуі міндетті. Яғни билеттер мен жарнама берілмей тұрып ұйымдастырушы тарап пен министрлік бұл туралы хабардар болуы керек. Қалған жайттар заң өз күшіне енгеннен кейін айтылады. Екіншіден, әншінің концерт кезінде жағдайы дұрыс болуы шарт. Үшіншіден, өнерпаздың әндеріндегі дөрекі сөздерге тыйым салынады. Бұл заңды құрастырғанда қоғамның пікірлері де ескеріледі", - деп қосты шенеунік. 

Бұған дейін қазақстандық әншілерді көрермендерге фонограмма қолданатынын ескертуге міндеттейтіндігі жайлы айтылған еді. 

 


 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкент тұрғыны бүкіл отбасына коронавирус таратқан: Індетті жұқтырған оның сегіз туысы анықталды

Шымкентте коронавирус індетімен жалпы 11 адам тіркелген

Полиция қызметкері ауыр жарақат алды: Алматыда мас жүргізуші блок-бекетті соқты

Полиция қызметкерінің екі аяғы сыныпты

Қытайлық дәрігер коронавирус туралы ақпаратты жасыру туралы шағымдардан кейін жоғалып кетті

Қытай билігінің жұмысын сынаған мақала жарияланғаннан кейін дәрігер жоғалып кетті

Қарулы күштер жанындағы ұлттық ұлан қызметкерлеріне сыйақы беріледі

Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен медицина қызметкерлеріне, ұлттық ұлан мен қарулы күштердің әскери қызметшілеріне жалақы мөлшерінде сыйақы төленеді

Карантин уақытында жеке көлікпен жүруге мүлдем болмайды - Алматы әкімдігі

Қала әкімінің орынбасары: Каарнтин кезінде жеке көлікті пайдалануға тыйым салынған

Қазақстан аумағындағы ішкі пойыздардың қатынасы тоқтатылды

Соңғы пойыз бағыты 4 сәуірде тоқтайды

Қазақстанда коронавирустың 21 жаңа жағдайы тіркелді

Жалпы 423 науқас тіркелді

Сарымсақпен өзіңізді қорғауды жалғастыра бересіз бе? Алматы әкімінің орынбасары неліктен бетпердесіз жүретінін түсіндірді

Ерлан Қожағапанов тікелей эфирде азаматтар мен журналистердің сауалдарына жауап берді

Тапсырма 11 күн бұрын берілген: Қазақстандықтар 42500 теңгелік жәрдемақы дер кезінде төленбегені үшін үкіметті айыптады

Қазақстандықтар мемлекеттік жәрдемақыға қол жеткізе алмай әбігерге түсті

"Көрмеген қиындығымыз қалмады": Алматы облысында он адам 1500 теңгеге күн көріп отыр

Көпбалалы отбасы карантин басталғалы күнкөріс көзінсіз қалған
Çàãðóçêà...