Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Концертке дейін: Қазақстандық әншілерді көрермендерге фонограмма қолданатынын ескертуге міндеттемек

Қазақстанда әншілерді фонограмма қолданатынын хабарлауға заң бойынша міндеттемек. Өнер иелері бұл туралы концертке дейін мәлімдеуі тиіс болады. Оны концерт афишасында көрсетсе, тіпті, құба-құп.

Концертке дейін: Қазақстандық әншілерді көрермендерге фонограмма қолданатынын ескертуге міндеттемек

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі «Еуразия бірінші арнасына» сілтеме жасап хабарлайды. 

«Біз ел азаматтары бұл бастамамызды қолдайтынын көріп отырмыз. Олар жанды дауысты қолдайды. Сонымен қатар осындай өзгеріс арқылы концерт қызметтерін реттеп, концертті ұйымдастырушы мен концерт залы басшылығының жауапкершілігін анықтасақ дейміз», - дейді мәдениет және спорт министрлігінің музыка өнері басқармасы басшысы Ғани Мұратов. 

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Толқын Забированың пікірінше, мұндай өзгеріс – «әділ әрі адамдыққа сай». 

Десе де кейбір концерт залдарының жабдықталуы мен дыбыс режиссерлерінің кәсібилігіне шағымданатын жұлдыздар да аз емес. Әншілер «бастысы жанды дауыста» деген ұстанымға сүйеніп, даусыңды құртуға болмайтынын айтады. 

«Бүгінде танымалдыққа ие көптеген әнші «компьютерлік әнші» сияқты көрінеді. Әине, әнші, жұлдыз атанғысы келетіндер көп. Сол үшін компьютер арқылы даусын түзейді. Алайда олар компьютер арқылы жүрегінде жатқан дүниені бере алмайды», - дейді халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов. 

Арна тілшісіне сұхбат берген дыбыс режиссерлерінің бірі мүлдем ән шырқай алмайтындардың өзінің көмегіне жиі жүгінетінін айтады. Мұндай «әншілердің» даусын өңдеу шамамен 10 мың теңге тұрады екен. 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда 16 жастағы қыз бір аптадан бері іздестіріліп жатыр

Соңғы рет студент қыз ауылына әкесіне баратынын айтқан

Махаббаттары бәріне төзуге дайын: "Ұлы Дала жанұясы" телехикаясы көрерменге жол тартады

Телехикаяны жұмыс күндері сағат 22:05-те "Жетінші арнадан" көріңіздер!

"Еуропаға барғанда "Нұр-Сұлтандағыдай" дейтін болам": Әнші Лолита елордадағы тазалық туралы (видео)

Лолита: Мен осы елдің махаббатын жан-тәніммен сезінемін

Стати Нью-Йоркте Қазақстанға қарсы шағымын қайтарып алды

Стати бұл шағымын 2017 жылдың маусым айында берген

"Өлтіріп кетер еді": БҚО-да браконьерлер қорықшыға оқ жаудырды

Қорықшы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Ақша аударымдары үшін салық өндіріле ме? Қаржы министрі жауап берді

Әлихан Смайылов қазақстандықтардың қолма-қол емес ақша аударымдары туралы түсінік берді

Қазақстандық рак ауруына шалдыққан адамдарға арналған дәрі-дәрімектер Ресейде сатылымда жүр

Бұл жағдайдың тексерілуін денсаулық сақтау министрлігі өз бақылауына алыпты

"Бақылау жоқ": Президент еліміздегі азық-түлік бағасының қымбаттауы туралы айтты

Тоқаев: Халықтың табысын көтеру бойынша жасап жатқан шараларымыз жоққа шығарылады

"Қорқынышты екенін жалқау ғана айтпаған шығар": Тоқаев жыр болған дәретханаларды сынады

Президент туризмнің артта қалуына әсер ететін нақты факторлар барын айтты

Мемлекет басшысы: Менің тапсырмам бойынша жұмыстар өте баяу жүріп жатыр

Президент тапсырмаларын баяу жүзеге асырып жатқан шенеуніктерді сынға алды
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр