Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жолаушылардың құқығын бұзған: Fly Arystan және SCAT әуе компанияларына айыппұл салынды

Қазақстандық Fly Arystan және SCAT әуе компанияларына жолаушылардың құқығын бұзғаны үшін айыппұл салынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Freepik.com

Бұл туралы көлік министрлігі мәлімдеді. 

"Азаматтық авиация комитеті рейстердің кешігуі кезінде қызметтерді тиісті түрде көрсетуге қатысты заңнаманың талаптарын бұзғаны үшін отандық және шетелдік авиакомпанияларды жауапкершілікке тарту жұмысын жалғастырып жатыр", – делінген министрлік хабарламасында. 

Жазда рейстер санының артуына байланысты жолаушылардың рейстің кешігуі немесе кешігу кезінде қызмет көрсетпеу туралы шағымдары жиілей түскен.


Алматы әуежайының жаңа терминалын су басты (видео)


"Fly Arystan" әуе компаниясының 11 шілдедегі Алматы-Қарағанды ​​рейсі кешіккен. Алайда жолаушылар қонақүйге орналастырылмаған, оларды қонақүйге апаратын трансфер ұйымдастырылмаған. Компанияға 1 000 АЕК (3 692 000 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

24 маусымда Атырау-Алматы бағытындағы рейстің кешігуі кезінде қызмет көрсетпегені үшін SCAT компаниясына да 1 000 АЕК (3 692 000) көлемінде айыппұл салынған.

Еске салсақ, бұған дейін әнші Серік Ибрагимовтің Scat әуе компаниясын сотқа беретінін айтқаны туралы жазған едік. 

Талқылау