FIFA-ның жаңартылған рейтингінде Қазақстан құрамасының орны анықталды
Футболдан соңғы 8 ойында жеңіске жетпеген Қазақстан құрамасының FIFA рейтингіндегі орны өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

FIFA футболдан ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартты. Қазақстан ұлттық құрамасы халықаралық футбол қауымдастықтарының федерациясы (ФИФА) жариялаған рейтингте екі сатыға көтерілді. Қазақстан құрамасы жаңартылған рейтингте 107-орынға жайғасты.
FIFA рейтингі.
1. Аргентина – 1883.5 ұпай;
2. Франция – 1859.85;
3. Испания – 1844.33;
4. Англия – 1807.83;
5. Бразилия – 1784.37;
6. Бельгия – 1761.27;
7. Португалия – 1752.68;
8. Нидерланды – 1784.24;
9. Италия – 1729.4;
10. Колумбия – 1724.97.
107. Қазақстан – 1186.46 ұпай.
Айта кетейік, Станислав Черчесов жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясында 4 ойын өткізіп, үшеуінде жеңіліп, бір рет қарсыласпен тең түсті.
Фельдшерлердің мәселесін көтерген қазақстандық жындыханадан бір-ақ шыққанын айтты
Өмірбек Мұхаммадтың жедел жәрдем қызметінде бес жылдық еңбек өтілі бар
Төрт тілде еркін сөйлейтін қазақстандық жігіт ауылда мал бағып жүр
Әділет: "Әкем мал шаруашылығында, анам тазалықшы, тіл курсына артық қаржы болмады"

