Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Феминита" ұйымының негізін қалаушыларына қатысты әкімшілік іс қозғалды

"Феминита" ұйымының негізін қалаушылар Жанар Секербаева мен Гүлзада Сержан полиция оларды тіркелмеген ұйым қызметін басқарды деген айыппен әкімшілік жауапкершілікке тартқанын хабарлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Бұл үшін оларға 393 мың теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін.

"Феминита" ұйымының мәліметінше, 13 ақпан күні, "Қазақстандық ата-аналар одағының" төрайымы Бағила Балтабаева жақтастарымен бірге ұйымдастырған "Адам құқықтары мектебі" сабағын тоқтатқан. Балтабаева полиция шақырып, тәртіп сақшылары "Феминита" негізін қалаушылар Секербаева мен Сержанды бөлімшеге алып кеткен.


Ринат Зайытов елде ЛГБТ насихатына тыйым салып, лесбиандар жиынын өткізген "Феминита" қауымдастығына шектеу қоюды талап етті


Оларға полицейлер тек түсініктеме аламыз деп айтқан. Алайда артынша әкімшілік кодекс бойынша айыпталғандары анықталған.

"Біз Медеу аудандық полиция басқармасына не ұйымдастырып жатқанымызды түсіндіру үшін келдік, бірақ заң бойынша ондай есеп беруге міндетті емеспіз. Кейін бізді шатастырып, "тағы да ақпарат бересіздер" деген сылтаумен Бостандық аудандық полиция басқармасына алып кетті. Ол жерге барған соң, бізге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 489-бабы, 9-бөлігі бойынша айып тағылып, хаттамаға қол қоюды талап етті. Біз бас тарттық және қазір адвокат күтіп отырмыз", – деп жазды Жанар Секербаева.

Әкімшілік кодекстің "Қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелмеген қоғамдық немесе діни бірлестіктердің қызметін басқару” бабы бойынша 100 АЕК (393 мың теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Талқылау