Фаст-фуд дәмханасында кассир болған: Шымкентте 9-сынып оқушысы қайтыс болды
Шымкенттегі ойын-сауық орталықтарының біріндегі фаст-фуд әзірлейтін дәмханада оқушы қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме беріп.
Туыстарының айтуынша, тоғызыншы сыныпты биыл тәмамдаған Ағару Құралбай ол жерде кассир болып жұмыс істеген екен.
“Суыт хабарды жеткізгендер оқушыны электр тогы ұрғанын айтқан еді” дейді жақындары. Жедел жәрдемді де сол уәжбен шақыртқан. Бірақ Ағарудан айырылып қалған жақындары бұл жерде техникалық қауіпсіздік сақталмаған дейді.
- "Күшпен автобустан шығарып алды": Алматыда жасөспірім балалар педофилді ұстады
- "Атырау облысында алты баланы ата-анасынан тартып алған": Журналистер отбасы туралы шындықты анықтады
Қазір аталған жайт бойынша Қаратау полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Оқушының неден қайтыс болғанын анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалыпты. Қазір фаст-фуд әзірлейтін орын уақытша жұмысын тоқтатқан.
Талқылау

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
1 қазанда Blue Origin NS-36 миссиясымен ғарышқа ұшатын экипаждың құрамын жариялады. Онда қазақстандық Данна Қарағұсова да бар

"15 түрлісін іштім": Қазақстандық әйел нутрициологтың берген БАД-ынан кейін өлім аузынан қалған
Тоғжан: "85 мың теңгеге анализ тапсырдым"