"Күшпен автобустан шығарып алды": Алматыда жасөспірім балалар педофилді ұстады
Абай-Сайын көшелерінің қиылысында 13 жастағы қыз жасөспірім жігіттен көмек сұрады. Ол 50 жастағы ер адамның өзіне тиіскенін хабарлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Жасөспірім ер адамды күшпен автобустан шығарып алды. Қыз да олармен бірге шықты.
Жігіт педофилді күшпен ұстап тұрып, оны қоршалған футбол алаңына алып кірді. Ол басқа балалармен бірігіп есікті құлттап қойды.
Балалар полицияға хабарласып, болған жайтты хабарлаған. Оқиға орнына қыздың анасы келді. Біраз уақыттан кейін учаскелік полицейлер жетіп, балалардан жауап алып, ер адамды алып кетті.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, ол бұған дейін де осыған ұқсас әрекеттері үшін істі болған.
"Қайда жұмыс істейсіз, қанша жалақы аласыз?": Қазақстан ата-аналары мектептердің жеке мәліметтерді сұрауына наразы болып жатыр
Мектептер өткізетін сауалнамалар легі ата-аналар тарапынан түрлі сауал туғызып жатқан көрінеді
"Үйден шығуға қорқамын": 17 жастағы қазақстандық қыздың жеке деректерін курстастары желіге таратып жіберген
Осы жағдайдан кейін оған бөтен адамдар жаза бастаған