"Фактурасы ұрып тұр": Дариға Бадықова күйеуінің неге қызғанбайтынын түсіндірді
Танымал актриса Дариға Бадықова күйеуімен арақатынасы жайлы айтты. Сөзінше, киноға түсіп, тойға шығып, ел алдында жүрсе де, күйеуі оны өзге азаматтардан қызғанбайды. Бадықова мұның себебін түсіндірді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Тілім тасқа, қызғанбайды. Құрысын, көз тимесін. Одан кейін, қызғанудың төңірегіндегі әңгіме сөзді көтере алмаймын. Намысым деген ұрып тұр. Арқам ұстам, көтеріліп кетем.
Одан кейін өзіне сенімді. Көзі бақырайған әдемі. Бой деген 187 см. Фактурасы ұрып тұр. Духы мықты. Соған қарағанда, қызғанып, өзін төмен санағысы келмейді-ау", – деп ағынан жарылды актриса.

"Ұрды. Маған таяқтың пайдасы тиді. Таяқ мені тәртіпті етті. Мына суреттегі түрімді қараңыздаршы. Таяқ жесе де, сүмірейіп тұрған баланы көрмедім. Психологтардың трендтегі сөзі "травма" ма? Маған ол дым да әсер етпеді", – деді ол.

"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған