"Эйр Астана" мен "Қазақтелеком" қызметкерлеріне көбірек төлейді: Мемлекеттік компанияларда жалақы қаншалықты көтерілді
Самұрық-Қазына әл-ауқат қорының басшысы Алмасадам Сатқалиев елімізде болған оқиғалардың салдарынан ірі компания қызметкерлерінің жалақысы қаншаға өсетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Өндірістік қызметкерлердің жалақасын көтеру бойынша шаралар қабылданды: 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап "ҚазМұнайГаз" – 10%, QazaqGaz – 24%, ҚТЖ – 20%-дан 35%-ға дейін, "Самұрық-Энерго" – 10%-32% аралығында, "Қазатомпром" – 10%-20% аралығында. 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап: "Қазпошта" – 7%-25% аралығы, Air Astana – 14%-58% , KEGOC – 15%, "Қазақтелеком" – 9%-50% аралығы", – деді Сатқалиев үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.
Айтуынша, мұнда басқарушы-әкімші тарап пен өндірістік қызметкерлердің еңбекақысы айырмашылығын азайтуға ден қойылған.
Талқылау

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі

"Тиіндерді өлтіресіздер": Алматылықтар әкімдіктің егеуқұйрықтарды улау шарасына наразы
Сөздерінше, осылайша олар кеміргіштерден бұрын құстар мен тиіндерге, мысықтарға зиян келтіреді