Еуропада кокаин нарығының үштен бірін бақылаған ірі есірткі картелінің жолы кесілді (видео)
Еуроодақ полициясы ірі қылмыс желісінің 49 мүшесін ұстап, 30 тонна кокаин тәркіледі. Арнайы операция аясында 6 мемлекетте рейд жүргізілген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттгі.

Есірткі картеліне қатысты тергеу 2 жылдан астам уақыт жүргізіліпті. Операцияға Испания, Франция, Бельгия, Нидерланды, Біріккен Араб Әмірлігі мен АҚШ қатысты.
Еуропа полициясының мәліметінше, есірткі саудагерлері бірігіп, суперкартель құрған. Ол нарықтың үштен бірін бақылауға алған.
Еуропалық есірткі мен есірткіге тәуелділікті бақылау орталығы 2022 жылғы есебінде аймақта есірткі заттарының өндірісі мен айналымы әлі де үлкен мәселе болып отырғанын көрсеткен. Орталықтың мәліметінше, 2020 жылы Еуроодақ аумағында 212 тонна кокаин тәркіленген.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"