Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропада емделіп жатқан Жүрсін Ерман желіге шетелдік құдасымен түскен суретін жариялады

Айтыс ақындары мен жыршы, термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман Швейцарияның Женева қаласында ем алып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

©instagram.com/zhursin_yerman

Ақын өзінің Instagram-дағы парақшасында құдасы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебреисуспен және жұбайы Бақытжамал Ермановамен бірге түскен суретін жариялады.

Суреттің астына әнші Ғазизхан Шекербеков пен айтыскер ақын Сара Тоқтамысова: “Аға, Алла күш қуат берсін!” деп жазып, тілектес екендерін білдірді. 

Айтыс жүргізушісінің денсаулығына алаңдағандардың қарасы көп. Олар ақынның тез сауығып кетуін тілеп, ақжарма тілектерін арнады.

“Алла дертіңізге шипа берсін!”, “Міне нағыз құда мың жылдық, Аман-есен жазылып, елге оралыңыз аға. Сізді айтыс жанашырлары асыға күтуде”, “Ауырмаңыз, халыққа әлі береріңіз көп”, “Амандықтарыңызды тілеймін”, “Тез тәуір боп кетіңіз!”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.

 

Талқылау