ЕУРО-2024: Швейцария Италия құрамасын жеңіп, ширек финалға шықты
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының 1/8 финалындағы алғашқы матчында жеңіске жеткен құрама анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңінде кездескен Италия құрамасы мен Швейцария командасы арасындағы матчтың жеңімпазы анықталды. 2020 жылғы Еуропа чемпиондары биыл сол атақтарын сақтай алмай, жарыс жолынан шығып қалды. Берлинде өткен матчта Швейцария құрамасы жауапсыз екі гол соғып, ширек финалға шықты. Ойынның 37-минутында Ремо Фройлер есеп ашса, екінші таймның басында Рубен Варгас есепті еселеп, командасының жеңіске жетуіне өз үлесін қосты. Осылайша Швейцария құрамасы ширек финалға шыққан алғашқы құрама атанып отыр.
Айта кетейік, Швейцария құрамасы ширек финалда Англия мен Словакия командасының жеңімпазымен жолығады.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен

