ЕУРО-2024: С тобындағы құрамалар үшінші кезеңде бірде-бір гол соқпай, тең нәтиже тіркелді
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында С тобында өнер көрсететін құрамалар үшінші кезеңді тең нәтижемен аяқтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото:Gettyimages.ru/
С тобындағы құрамалар Еуропа чемпионатының үшінші кезең аясындағы ойындарын өткізіп, матч барысында бірде-бір гол салынбады. Дания мен Сербия құрамасы жасыл алаңда жанкештілік танытқанымен 90 минут бойы бір-біріне гол соға алмай, тең нәтижемен тарқасты. Англия мен Словения құрамасы да сүреңсіз ойын көрсетіп, есеп аша алмады. Осылайша С тобында 5 ұпаймен Англия құрамасы көш бастаса, екінші орында 3 ұпаймен Дания құрамасы тұр. Екеуі де Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты.
Айта кетейік, бұған дейін В тобында Испания мен Италия плей-офф кезеңіне шыққанын жазған едік.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді

