Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2024: Испания құрамасы Германияны жеңіп, жартылай финалға шықты

2024 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шыққан алғашқы құрама анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gettyimages.ru/

Еуропа чемпионатының ширек финал аясында Испания мен Германия құрамасы кездесіп, өзара мықтыны анықтады. Алғашқы таймда қос құрама есеп аша алмай, тең аяқталды. Ал екінші таймның басында, 51-минутта Испания құрамасының жартылай қорғаушысы Дани Ольмо гол соғып, командасын алға шығарды. Дегенмен негізгі таймның аяқталуына 1минут қалғанда Флориан Вирц гол соғып, есепті теңестірді. Осылайша ойынның негізгі уақытында жеңімпаз анықталмай, мәселенің барлығы экстра-таймда шешілді. Матчтың 119-минутында Микель Мирено баспен гол соғып, испаниялықтарға жартылай финалға жолдама сыйлады. Осылайша, Испания құрамасы жартылай финалға шыққан алғашқы құрама атанды.

Айта кетейік, Испания құрамасы Еуро-2024 турнирінің 1/8 финалында Грузия құрамасын тас-талқан етіп ұтып, ширек финалға шыққан болатын.

Талқылау