ЕУРО-2024: Франция мен Португалия құрамасы ширек финалда жолығады
2024 жылғы Еуропа чемпионатының ширек финалына Франция мен Португалия құрамасы жолдама алды. Енді қос құрама бір-біріне қарсы ойнайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gettyimages.ru/
Еуропа чемпионатының плей-офф кезеңінде Франция құрамасы Бельгияны минималды есеппен ұтып, ширек финалға шықса, Португалия командасы Словения құрамасын пенальти сериясы бойынша жеңді. Француздар 85-минутта Ян Вертонгеннің өз қақпасына салған голдың көмегімен ширек финалға шықса, Португалия құрамасының қақпашысы пенальти сериясында үш бірдей соққыны қайтарып, командасын ширек финалға шығарды. Енді қос құрама ширек финалда өзара мықтыны анықтап, жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салады.
Айта кетейік, бұған дейін Грузия құрамасын ірі есеппен ұтқан Испания құрамасы мен Словакияны әрең ұтқан Англия құрамасының ширек финалға шыққанын жазған едік.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған

