ЕУРО-2024: Франция Аустрия құрамасын әрең жеңді
Франция құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатын сәтті бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Gettyimages.ru
D тобында өнер көрсететін Франция мен Аустрия құрамасы арасындағы матч тартысқа толы өтті. Мбаппе бастаған француздық футболшылар Аутрия құрамасын минималды есеппен жеңді. "Эсприт Арена" стадионында өткен матчтың 37-минутында аустриялық футболшы Максимилиан Вебер өз қақпасына гол соғып алды. Дәл осы гол ойынның тағдырын шешті. Бұдан кейін қос құрама қанша тырысқанмен гол соға алмады. Тіпті Мбаппе 54-минутта қақпашымен бетпе-бет шығып, қақпадан қиыс тепті.
Айта кетейік, бұған дейін Е тобында ойнайтын құрамалардың алғашқы матчтағы жеңімпаздары анықталғанын жазған едік.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды

