ЕУРО-2024: Алғашқы матчтың жеңімпаздары анықталды
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының алғашқы кезеңінде жеңіске жеткен құрамалар белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Еуропа чемпионатында алғашқы матчтарын өткізіп, жеңіске жеткен құрамалар анықталды. А тобындағы Швецария құрамасы Венгрияға қарсы ойнап, 3:1 есебімен жеңіске жетсе, В тобындағы Испания мен 2020 жылғы Еуропа чемпиондары Италия да қарсыластарынан басым түсті.
Испания Хорватия құрамасын 3:0 есебімен ұтса, Италия мен Албания арасындағы матчта 2:1 есебі тіркелді. С тобында Словения мен Дания құрамасы тең түссе, Англия Сербия құрамасының қақпасында бір-ақ гол соғып, әрең ұтты. Сондай-ақ D тобындағы Нидерланды құрамасы Польша футбол құрама командасын 2:1 есебімен ұтып, алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Еуро-2024 турнирінің ашылуында Германия Шотландия құрамасын ірі есеппен ұтқанын жазған едік.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі

