Еуро-2024: 1/8-де кім кімге қарсы ойнайтыны белгілі болды
Германияда өтіп жатқан Еуро-2024 турнирінің 1/8 финал қатысушылары белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша плей-офф кезеңіне 16 команда шықты.
Өз топтарының жеңімпаздары: Германия, Испания, Англия, Австрия, Румыния және Португалия.
Екінші орын алғандар: Швейцария, Италия, Дания, Франция, Бельгия және Түркия.
Үшінші орын алғандардың ішінде үздіктер: Нидерланды, Грузия, Словакия және Словения.
Ал Венгрия, Шотландия, Хорватия, Албания, Сербия, Польша, Украина және Чехия жеңіліп қалды.
1/8 финал 29 маусымда басталады.
Жақында кім-кіммен ойнайтыны айтылды:
- Швейцария - Италия (Берлин)
- Германия - Дания (Дортмунд)
- Англия - Словакия (Гельзенкирхен)
- Испания - Грузия (Кельн)
- Франция - Бельгия (Дюссельдорф)
- Португалия - Словения (Франкфурт-на-Майн)
- Румыния - Нидерланды (Мюнхен)
- Австрия - Түркия (Лейпциг).
"Жарты жылдан астам уақыттан бері ізімнен қалар емес": Сталкингтің қауіпті белгілері және одан қалай қорғануға болады?
Психолог сталкерлердің бастапқыда байқалмайтын белгілерін атады
"Еркектен сезіне алмаған қамқорлықты сезіндім": Қазақстандық әйелдер бостондық некеде қалай өмір сүріп жатыр
Алайда кейіпкеріміздің сөзінше, бостондық неке жақсы жағынан гөрі жаман тұсымен ерекше есінде қалған

