ЕУРО-2021: Шотландия ағылшындарды ұпайдан қақса, Хорватия Чехияны бағындыра алмады
Футболдан Еуропаның кезекті туры голға бай болмады. Швеция бір доп айырмасымен жеңсе, Хорватия мен Чехия тең түсті. Ал жарыс фавориті Англия күтпеген жерден Шотландияға гол соға алмай, екі ұпайдан айырылды.

Е тобы. 2 тур.
Швеция – Словакия – 1:0 (0:0)
Гол: Форсберг 77
Е тобында Швеция өткен турда Польшаны жеңген Словакиямен кездесті. Матч тағдырын 77 минутта швед ойыншысы Форсбергтің соққан жалғыз голы шешті.
D тобы. 2 тур.
Хорватия – Чехия – 1:1 (0:1)
Голы: Шик 37 (с пенальти – 0:1), Перишич 47 (1:1)
Өткен әлем чемпионатының финалисі Хорватия Чехияға қарсы матчта да ұпай жоғалтты. Матчтағы есепті чех футболшысы Шик ашқан, екінші таймның басында Перишич таразы басын теңестірді.
D тобы. 2 тур.
Англия – Шотландия 0:0
25 жылдан соң Еуропа чемпионатына жолдама алған Шотландия құрамасы жарыстың басты фавориттерінің бірі Англиямен тең түсті. Матчта есеп ашылмай, командалар 1:1 есебімен тең тарқады.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
