AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2020: Финалда кім жеңеді?

Түнде Еуропа чемпионатының финалы өтеді. Италия мен Англия кәріқұрлықтың үздік құрамасы атану үшін күш сынасады.

Лондонда орналасқан даңқты "Уэмбли" стадионында өтетін финалда Италия мен Англия кездеседі. Матч тізгінін голландиялық төреші Бьорн Кейперс ұстайды.

Топтық кезеңде қақпасына бірде-бір гол жібермеген Италия плей-оффта сәл осалдық танытты. Қақпасын құрғақ ұстай алмаған италиялықтар бірінші кезекте қарымды шабуылшыларына иек артты. 

Италия қарсыласы Англияға қарағанда көп шабуылдап, алда ойнауға тырысады. Манчини баптайтын құрама кез келген қарсыласына қарсы матчта ойын тізгінін ұстағанды ұнатады. 

Англия керісінше, қорғаныста мығым болып, әр шабуылын абайлап жасауға тырысады. Матчта есепті бірінші болып ашса, қалған уақытында жеңісті қалай да жіберіп алмауды жөн көреді. Саутгейт биылғы Еуропа чемпионатына өте сақ ойнайтын құрама жасақтаған. 

Букмекерлер бұл матчта Англияны фаворит санайды. 1xBet букмекері финалда ағылшындар жеңеді деген болжамға 2.76 коэффициент ұсынып отыр. Ал Италияның жеңісіне 3.04 коэффициент берілген. Матч тең аяқталады дегенге 3.06 коэффициентін ұсынған.

Италия – Англия: Еуропа чемпионатының финалына аңдатпа

Футбол комментаторы, спорт журналисі Ермұхамед Мәулен жеңіс ағылшындардың қоржынында кетеді дейді:

"Англия тарихында тұңғыш рет Еуропа чемпионатының финалына шығып отыр. Саутгейттің ойын өрнегі нәтиже көрсетіп жатыр. Қорғанысқа баса назар аударады. 

Ойын стилі жағынан екі құрама бір біріне ұқсайды. Сондықтан финалға тартысқа толы болары сөзсіз. Ал Англия чемпион атануға әбден лайық". 

Спорт комментаторы Есбол Қарағұл жеңімпаз пенальти сериясында анықталады деп болжайды:

"Негізгі уақытта құрамалар 1:1 есебімен тең тарқасып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталатын секілді.

Топтық кезеңде қос команданың да қорғанысы жақсы болды. Италия көп жағдайда есепті бірінші болып ашты. Ал Англия бір өз қақпасына гол жіберіп жүр. Осыған қарап, италиялықтар матчта есепті ашатын секілді. Дегенмен, Италияның қорғаушылары егде тартқандықтан матчтың соңында қорғаныста сылбыр ойнап, ағылшындарға таразы басын теңестіруге мүмкіндік болады. Ал жеңімпаз пенальтиде анықталатын секілді.

Бұған қоса, Англияның өз алаңында ойнайтынын ескерсек жеңіске жетуге мүмкіндігі жоғары. Бүгінгі матч 2012 жылғы Еуропа чемпионатындағы қос құрама арасындағы ойынға ұқсас болады".

Еуропа чемпионатының финалы 11 шілдеге қараған түні өтеді. Матч елорда уақытымен 01:00-де басталады. 

 

Фото: skysports

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр