Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

ЕУРО-2020: Әлем чемпионы Швейцарияға қарсы ойнаса, Хорватия мен Испания жолдамаға таласады

Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының 1/8 финалының үшінші күн ойындары өтеді. Жасыл алаңда Хорватия Испаниямен, ал Франция Швейцариямен күш сынасады.

Хорватия – Испания

Өтетін орны: Копенгаген. Паркен стадионы

Басталуы: 22:00

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Хорватия Испаниямен күш сынасады. Испания өз тобында үздік атанса, Хорватия Англияны алға жіберіп, екінші орынға жайғасқан. 

Бұл матчқа Хорватия екі бірдей көшбасшы футболшысы Ловрен мен Перишич қатыса алмайды. Ловрен сары қағаз көп алса, Перишич жарақаттанып қалған.

1xBet букмекерінің матчқа ұсынған коэффициенттері:

Хорватия жеңісі – 6.55

Тең нәтиже – 3.82

Испания жеңісі – 1.65

 

Франция – Швейцария

Өтетін орны: Бухарест. Ұлттық стадион

Басталуы: 01:00

Әлем чемпиондарына плей офф сынындағы әлсіз ұжымдардың бірі қарсылас атанды. Дегенмен Франция сапында жарақат алып, алаңға шықпайтын бірнеше негізгі құрамның ойыншысы бар.

Швейцария өз тобында үшінші орынмен келесі кезеңге өткен. Бұған қоса букмекерлер Францияны айқын фаворит санайды. 

1xBet букмекерінің матчқа ұсынған коэффициенттері:

Франция жеңісі – 1.65

Тең нәтиже – 3.8

Швейцария жеңісі – 6.4

Талқылау