Этникалық қазақ күрестен Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды
Этникалық қазақ Хабила Абусайман еркін күрестен Париж олимпиадасының жолдамасына ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото:UWW
Этникалық қазақ Хабила Абусайман Күрес түрлерінен Түркияда өткен соңғы әлемдік лицензиялық турнирде Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Қытай құрамасында сынға түсетін Хабила 97 келіде жартылай финалға дейін жетіп, жартылай финалда польшалық балуанға ұтылып, қола жүлдеге таласуға мүмкіндік алды. Қола жүлде үшін белдесуде Бенджамин Хонисты айқын басымдықпен ұтып, лицензия үшін тартыста өзбекстандық Магомед Ибрагимовты 2:1 есебімен ұтты. Осылайша, Хабила Париж төрінде өнер көрсету мүмкіндігіне ие болды.
Айта кетейік, соңғы әлемдік лицензиялық турнирге қатысқан Қазақстан құрамасы бірде-бір жолдама ала алмағанын жазған едік.
"Өзімізді дәлелдедік": Олимпиадада жүлделі орын алған таэквондошылар Қазақстанға оралды
Спортшыларымыз жай келмей, жүлделі орындармен оралды
Қазақстандық әйел жалға алушыны пәтерінен шығара алмай, сотқа берген: Алайда сот қараудан бас тартты
Пәтер иесі: "Жалдау шартын бұзылған деп тану және жалға алушыны пәтерден шығаруды міндеттеу талабым "кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа жүгіну керек" деген негізбен бас тартылды"

