"Естерін білмейді": Семейде мас жігіттер аялдамада тұрған әйел мен баласын себепсіз ұрып кеткен
Семейде ішімдік ішкен жас жігіттер таңертең аялдамада тұрған әйел мен кәмелет жасына толмаған жасөспірімді аямай соққыға жығып, оқиға орнынан қашып кеткен. Бұған қоса, олар үйдің кіреберісінде тағы бір мүгедек азаматқа жұдырық ала жүгіріпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Ащы суға тойып алған екі жігіт таңға жуық танысы мен туысы тұратын үйге келген. Үй иесінің айтуынша, естерін білмейтін екеу оны сөйлесуге далаға шақырған. Осы сәтте үйге кіріп келе жатқан ересек кісіні еш себепсіз ұрып құлатты дейді куәгер. Қазір кінәлілер анықталып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал бұзақылықтары дәлелденсе олар бес жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
"Ана кісіні алды да бүйтіп қалғанда, ана кісі өзі артқа кетті. Анау итеріп қалды. Сол кезде құлады жерге. Үстіне бір рет нетті, кеудесінен ұрып жіберді ма, бірнәрсе істеп жіберді. Ана екеуі мас, шын айтайын есін білмейді", - деді куәгер Еркебұлан Нүкенов.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады