Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ескерткіш басып қалған: Атыраудағы 7 жасар қыздың өліміне қатысты куәгерлер іздестіріліп жатыр

Атырауда үстіне ескерткіш құлап, мерт болған 7 жасар қыздың ісі бойынша куәгерлер іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

25 маусымда Жеңіс саябағында ескерткіш басып қалған қыздың қаза тапқаны белгілі болды. Сәби ішкі қан кетуден ауруханада көз жұмды. Оның інісі мен әкесі де жараланған. Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкин ескерткіш желден құлады деген болжамға сенбеді.

Атырау облыстық полиция департаментінің тергеу бөлімі қыздың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

"Осыған байланысты оқиғаның нақты мән-жайын анықтау, істің толықтығын қамтамасыз ету мақсатында ескерткішті көтеруге атсалысқан азаматтар Атырау қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, № 55 мекенжайы бойынша тергеу бөліміне хабарласуларыңызды сұраймыз", – делінген полицияның хабарламасында.

Еске салсақ, осыған дейін Атырауда саябақта 7 жасар қыздың үстіне ескерткіш құлап мерт болғанын жазғанбыз.

Талқылау