Қарағандыдағы сауда орталығында эскалатордан құлаған ер адамның жағдайы белгілі болды
Дәрігерлер Қарағанды сауда орталықтарының бірінде эскалатор баспалдағынан құлаған ер адамның жағдайы туралы айтты. Азаматты белгісіз азамат артынан келіп, құлатып жіберген деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға City Mall сауда орталығында болды. Ер адам эскалаторға түсіп бара жатқанда, белгісіз біреу артынан еш себепсіз тепкен. Әлеуметтік желілерде оқиғаның бейнежазбасы таралды.
Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы жәбірленушінің жағдайы қалай екенін айтты. Дәрігерлер тексергеннен кейін ер адам үйге жіберілген.
"Эскалатордан құлаған ер адам амбулаториялық емделуге жіберілді. Қазір оның жағдайы тұрақты", – деп хабарлады ведомстводан.
Полиция Қарағандының 25 жастағы тұрғынына дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық істі ҚК 293-бабының 1-бөлігімен "Бұзақылық" бойынша тіркеген.
Сауда орталығына келушіні итеріп жіберген 31 жастағы ер адам анықталды. Ұсталған адам нейропсихиатриялық диспансерге орналастырылды.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды