Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Есірткі қабылдауға мәжбүрлеген: Алматыда мүгедек қыз зорлық әрекетіне ұшырады

3 топ мүгедегі болып табылатын алматылық тұрғын зорлық әрекетіне ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

ер адам

Бұл туралы "НеМолчи.kz" қозғалысының мүшелері әлеуметтік желіде жариялады. Айтуларынша, оқиға 29 қараша күні орын алған. 53 жастағы ер азамат жәбірленушіні есірткі қабылдауға мәжбүрлеп, артынша оны зорлаған. Бұған қоса ол зорлыққа ұшыраған бойжеткеннің көршісі көрінеді. 

"Ер азамат өзіне қарсылық көрсете алмайтын байқұс қызды көлікжайға қамап, 5 сағат бойы қинаған. Бұған қоса ол қзыды өлтіремін деп қорқытып, оны соққының астына алыпты. Ең сорақысы, әлге ер азамат ұялы телефонындағы басқа да жәбірленуші қыздардың суретін көрсетіпті. Қылмыскердің сөзінше, ол суреттегі қыздарды да зорлап, артынша өлтіріп отырыпты. Егер жәбірленуші айтқанын істемесе оны тірідей автокөліктің жөндеу жұмысына арналған шұңқырға көміп тастаймын деп қорқытқан", - деп жазыпты қозғалыстың өкілдері. 

Абырай болғанда бойжеткен қылмыскердің қашып құтылыпты, артынша үйіне оралып болған жайтты жақындарына айтып берген. 

"Медеу аудындық полиция бөліміне арыз 30 қараша күні келіп түсті. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 1 бабы 120 тармағы бойынша іс қозғалды. Күдікті артынша ұсталып, тергеу изоляторына қамауға алынды ", - полиция бөлімінің қызметкерлері. 

Бұған қоса қылмыстық істі ІІМ өз қадағалауына алыпты.

 


 

Талқылау