Есінен танып қалды: Қазақстандық футболшы Мәскеу алаңында басынан жарақат алды
Мәскеудің ЦСКА футбол клубының жартылай қорғаушысы Бахтияр Зайнутдинов Ресей премьер-лигасының 14-турында "Ростовпен" болған матчта жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Мәскеуде өткен ойынның жетінші минутында болды. Зайнутдинов қорғаныстың сол қапталында қарсыласымен соқтысып, басынан жарақат алды. Соқтығысу салдарынан қазақстандық есінен танып, оған дәрігерлердің көмегі қажет болды.
Біраз уақыттан кейін Зайнутдиновты зембілмен алаңнан алып кетті, содан кейін оны басқа ойыншымен ауыстырды.
Кейін ЦСКА-ның бас жаттықтырушысы Виктор Гончаренко Бахтияр Зайнутдиновтың жағдайы туралы айтты.
"Зайнутдинов басына соққы алды, біраз уақыт есінен танып қалды. Бірақ қазір дәрігерлер оның есін жиғанын айтады", - деді Гончаренко.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"