Есімдерін елбасының өзі қойған ағайынды үшем ЭКСПО-да жұмыс істеп жүр (фото)
Төле, Қазыбек, Әйтеке деп есімдерін елбасының өзі қойған ағайынды үшем ЭКСПО-2017 көрмесінде волонтер болып жұмыс істеп жүр, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ағайындылар Кубадан арнайы Астанаға ұшып келді. Олардың әкесі Исраил Тілеген дипломат. Сондықтан 3 жасқа толғанда әкесінің жұмыс бабымен Лондонға көшіп кеткен. Одан Нью-Йорк, Куба еліне қоныс аударды.

Фото: Instagram
«ЭКСПО биыл өз елімізде өтіп жатқандықтан, барып өз үлесімізді қосайық деп шештік», – дейді үшемнің үлкені Төле.

Ағайынды үшеу ағылшын тілінде білім алып, бала кезінен бастап жүзумен, футболмен айналысқан. Оларды көрме қызметіне бірден қабылдады.

Фото: vk.com
«Бәрі бізге таңдана қарайды. Қонақтар мен қызметкерлер үшін біздің ұқсастығымыз қызық көрінеді. Төлені Данияр Елеусіновке ұқсасатындар көп», – дейді Әйтеке.

Олардың түрі қатты ұқсағанымен мінездері әр түрлі.
Үшемдер қыркүйек айныда 19 жасқа толады. Биыл Голландия мен Канаданың ЖОО-на түскен.
Олардың үлкен ағасы Жанболат АҚШ-та білімін тәмәмдап, қазір Астанада жұмыс істейді. Ағайынды үшем де шетелде білімін шыңдаған соң елге оралып қызмет етпек ниетте.
Тағы да оқыңыз:
Астанада ит жейтін бір топ адам ұсталды
Тоқтар Төлешовтың 4 әйелі мен 21 баласы далада қалды
Қарағанды облысында шенеунік қызметкерлерінің не істеп, не қойғанын жасырын камерамен көріп отырған
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма