Есілдегі су шекті деңгейден асып кетті: Державинск қаласын су басып қалу қаупі бар
Небәрі жарты күн ішінде өзендегі су 4 метрге көтеріліп, шекті белгіден 25 сантиметрге асып түсті. Сноптиктердің пікірінше, ол Державинск қаласына қауіп төндіреді. Бақытымызға орай, әзірге су арнасынан асқан жоқ. Алайда мамандар еріген қар суы мен өзенге құятын ағындар су деңгейін одан әрі арттырып жіберуі мүмкін дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Қазгидромет” РМҚ-ға сілтеме жасап хабарлайды.

“Есіл өзені – Державинск қаласы гидрологиялық бекетінде су деңгейі көтеріліп жатыр (12 сағат ішінде 391 см). 20 сағат ішіндегі жағдай бойынша су деңгейі шекті белгіден 25 сантиметрге (шекті белгі – 850 см) асып түсті. Өзен суының көтерілуіне өзендер, жылғалар мен егістіктіктердегі қар суының еріп, өзенге қосылуы себеп болып отыр”, – делінген хабарламада.
Кент өзен ағысы бойынша төмен орналасқандықтан қауіпті белгіден асқан кезде елдімекендерді, шаруа қожалықтарын, жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.
Айта кетейік, Көкшетауда су тасқынына байланысты жергілікті төтенше жағдай жарияланды.
Сонымен қатар Ақтөбе, Орал және Қостанай облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланған еді.
“Қазақ тілінің арқасында кәріс тілін үйрендім”: Желіде қазақша сөйлеген кәріс азаматы жұрттың ықыласына бөленді
Владислав қазақ тілін арнайы сабақ алып үйренбеген
"Өлтіруге болатынын балаларға көрсетуге болмайды": Аружан Саин бұралқы иттерді жоюға қарсы шықты
14 сәуірде Алматыда бұралқы иттерді эвтаназиялауды міндеттейтін заңға қарсы баспасөз конференциясы өтті