Есіл өзенінде су қоры жылдағыдан 69% жоғары: СҚО-да 42 елді мекенді су басуы мүмкін
Солтүстік Қазақстан облысында 42 елді мекен су басуы мүмкін қауіпті аймақта орналасқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысында наурыздың үшінші онкүндігінде күн жылынып, қар қарқынды ери бастайтынын болжауда.
СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл Есіл өзені бассейніндегі су қоры жылдағыдан 69% жоғары. Кей көлдерде су мөлшері азайғанымен, күзде топырақтың 12% ылғал жинауы, жер қабатының орта есеппен 54 см дейін қатуы өткен жылғы көрсеткіштен жоғары. Бұл еріген қар суының жолында орналасқан 1,5 мыңға жуық тұрғыны бар 42 елді мекен үшін қауіп төндіреді.
"Облыс бойынша жалпы 6 мыңнан астам тұрғыны бар 85 елді мекен есепке алынған. Оның 30-ы өзен деңгейінің көтерілуінен, 13-і көлдер суының тасуынан, 42-сі еріген қар суынан зардап шегуі мүмкін”, – дейді СҚО ТЖД бастығы Рамиль Камалов.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі