Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Есіктің әйнегін сындырып, ішке кірген": Оралда ер адам көршісін қатты музыка қойғаны үшін ұрып тастаған 

Орал қаласында сот қатты музыка үшін көршісін ұрып-соққан ер адамның ісін қарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Мой город" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

Мәліметтерге сенсек, оқиға 2023 жылдың 2 желтоқсанында кешкі сағат 18:00 шамасында болған.

"Орал тұрғыны өз пәтерінде қатты музыка қойып, тыңдап отырған. Бұл көршісінің ашуын туғызған. Ол әйелді сабырға шақырмақ болып, есігін қаққан. Алайда жауап болмаған. Кейін ашуланған ер адам есіктің әйнегін сындырып, ішке кірген. Ер адам әйелді тауып алып, бірнеше рет басы мен денесінен ұрған. Артынша оның басын қабырғаға соғып, пәтерден шығып кеткен", – делінген хабарламада.

Сотта айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, ісіне өкінетінін айтты. Жәбірленуші соттан қатаң жаза тағайындауды сұрамады, бірақ белгілі бір шектеулер қоюды өтінді. Сот ер адамды Қылмыстық кодекстің 109-бабы "Ұрып-соғу" бойынша кінәлі деп танып, 40 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту туралы шешім шығарды.



Еске салайық, бұған дейін желіде Алматы тұрғынының пәтерінің есігін бірнеше рет қағып, пышақпен қорқытқан көршісіне шағымы тарады. Әйел полицияның бұл іске бейжай қарайтынын жеткізді. Алматы полиция департаменті видеода түсірілген оқиға бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Көршісі ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылған.

Талқылау