Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Көкшетауда түнде серуендемекші болған келіншекті подъезде зорлап кете жаздаған

Көкшетауда көшеде серуендеп жүрген келіншекті есігінің алдында зорламақ болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Ақмола облысының полиция департаменті мәлімдеді. 

"Ағымдағы жылдың 13 наурызы Көкшетау қаласы полиция бөлімінің кезекші бөліміне шамамен сағат 03.00-де облыс орталығының тұрғынынан арыз түсті. Түнде белгісіз біреу үйінің кіреберісінде оның киімдерін шешіп алып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетуге тырысқан", - дейді полиция департаменітінің баспасөз қызметі. 

Зардап шеккен келіншек кешке серуенге шыққан. Бірақ көршілерінің арқасында зорлық көрсетпек болған адамнан құтылып шығыпты. 

"Бейнебақылау камераларын қолдана отырып, жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде, полиция күдіктіні анықтады. Ол 26 жастағы, бұрын сотталған Бурабай ауданының тұрғыны болып шықты. Күдікті өз кінәсін мойындады.  Бұл факт бойынша сотқа дейінгі өндіріс 24-баптың 3-120-бөлігінің 1-бөлігімен "Зорлық-зомбылық жасауға әрекеттену" бабы бойынша тергеу жүргізілуде", - дейді полиция басқармасы. 

Талқылау