"Ешкімнен бір тиын алған емеспін": Қалдыбек Құрманәлі әндері үшін ақы алмайтынын растады
Мәдениет қайраткері, сазгер Қалдыбек Құрманәлі осы күнге дейін ән үшін әншілерден ақы алғанын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Подкастан скриншот
“Ашық подкаст” арнасына сұхбат беріп, өнер өкілдері туралы пікір білдіріп, әндердің ақысы екі адамның келісіміне байланысты деді.
“Өнер – қиын жол. Бәрі келісімге байланысты. Мен бір әнімді сатқан емеспін. Тіпті кей әндерімді өз ақшама өңдеп, жаздырып бергем. Ол кездегі әншілер бай болған жоқ. Кейбірі "аранжировкасын жасап беріңізші" деп өтінетін. Өзіміз басы-қасында жүріп, дайындайтынбыз. Эстраданың тең жартысы менің әндерімді орындайды. Бірақ біреуінен ақша алып көрген емеспін. Кез келген әншіден сұрасаң, айтып береді”, – деді сазгер.
Өнер иесі қаламақыға бірден дұрыс келіспесе, кейін дауға ұласатынын атап өтті.
“Ақтөбелік ақынның "20 мың теңге берді" деп жылағанын мен қолдамаймын. Енді ол өзі о баста 20 мың теңге бергенде айтпай ма, "Мына әнге мен сөз жазып берейін, оның құны мынадай болады. Басқалар осынша беріп жатыр, сол қатарлы төлей ғой" деуі керек еді. Сол кезде айқай болмаушы еді. Арада келісім болмаған сияқты. Енді арада пәлен жыл өткен соң "Қылышыңды боққа шап" дегендей несіне айтып отыр?! Керемет, өр кеуде, намысты ақын екен, сол ақшаны бергенде алмауы керек еді. Лақтырып жіберуі керек еді, "мен одан да тегін жазып бере салайын саған, бір-екі күн аш жүре тұрармын" десе, жарасар еді. Өзі келісті ғой, ақшаны алды. "Ең көп алған қаламақым" деп соны айтып отыр, демек оған бермеген де адамдар болған. Қайта Нұрболат Абдуллин деген әнші оған көп беріпті. Ал енді бәрі өтіп кеткен соң қайта қозғаудың қажеті жоқ", – деді Қалдыбек Құрманәлі.
Айта кетейік, ақын Ершат Қайболдин әнші Нұрболат Абдуллинді айыптап, қаламақымды аз берді деп айыптаған еді.