"Ешкім күтпеді": Сиви Махмуди қайтадан қалыңдық көйлегін киді
Бірінші некесі сәтсіз аяқталған Сиви Махмуди тағы тұрмысқа шығуы мүмкін. Актриса қалыңдық көйлегін киген жаңа суретін жариялап, көпшілікті қызықтырып қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мұндайды ешкім күтпеген шығар", – деген ол ақ көйлек киген видеосын жариялады.
"Қыздар деген осындаймыз. Қаласақ, бірнеше секунд ішінде ең қалаулы іс-шараға дайын болып шығамыз", – деп қосты ол.
Айта кетейік, Сиви Махмуди 10 жылға жуық отасқан жарымен ажырасқанын хабарлады. Әншінің бұл некесінен екі ұлы мен бір қызы өсіп келеді. Үш баланың арасы 1 жастан. Өмірін отбасына арнаған әнші үш рет отаға түскенін, алайда оған еш өкінбейтінін айтады.
"Мен үш жыл қатарынан кесарь тілігімен үш бала тудым. Өте ауыр болды. Бірақ қазір өкінбеймін, мен бақыттымын", – деді ол.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты