Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешкім қаһарман боламын деген жоспармен жүрмейді": Бағлан Әбдірайымов Алматы әуежайының қызметкерін құтқарған ағасына қолдау білдірді

Алматы әуежайында кепілге алынған қызды құтқарған қазақстандық Мұса Әбдірайым “Жігіттер” тобының әншісі Бағлан Әбдірайымовтың туысқаны болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Өнер иесі жеке парақшасында ағасымен мақтанатынын жасырмады. 

“Абдраймов Мұса Сайрамбайұлы. 1973 жылы, Түлкібас ауданы, Күмісбастау ауылында дүниеге келген. 9 баланың кенжесі. Кәсіби спортпен шұғылданған. Қазіргі таңда 5 баласы бар, ардақты әке. Намысты жігіттің бәрі сондай батылдық жасар еді… Ешкім батыр боламын, қаһарман боламын деген жоспармен жүрмесі анық. Дер кезінде дұрыс шешім қабылдап, өміріңізді тапсыра салғаныңыз – ерлік. Бала-шағаның несібісі таусылмасын. Кез келген марапатқа лайықсыз! Біз сізбен мақтанып жүрейік”, – деп жазды әнші. 



Айта кетейік, Алматы әуежайының қызметкерін қарулы ер адамнан құтқарып қалған Мұса Әбдірайым қазақстандықтардың айыптауына жауап берген еді. 

“Бұл оқиға туралы әркім әртүрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі шексіз алғысын жеткізсе, енді бірі сынап, жағымсыз сөздер айтып отыр. Алла бәрін көріп тұр. Көптің аузына қақпақ бола алмайсың. Кім не айтқысы келсе, соны айтсын", –деді Мұса Әбдірайым. 

Еске салайық, бұған дейін пышақ ұстаған ер адамның Алматы әуежайының қызметкерін кепілге алғаны туралы хабарлаған едік. Желіде оқиға орнынан видео пайда болған. Кадрлардан қолында пышағы бар ер адамның қыздың шашынан тартып ұстап алғанын байқауға болады. Кейіннен қызметкерге пышақпан шабуылдаған күдіктінің кім екені анықталған. 

Тоқаев Алматы әуежайында күдіктіні ұстаған адамды мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырған. 

Талқылау